Екібастұзда отбасы төрт баланы жалғыз тәрбиелеп отырған әкеге екі бөлмелі пәтер сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Екібастұздық көпбалалы әке Нұржан Құсайыновқа ерлі-зайыпты Асылбек және Қанағат Қожановтар пәтер сыйлады. Жас әкенің қиын жағдайы жайлы осы жылы жазда жергілікті пабликтердің бірі айтты.
Қожановтар отбасы көпбалалы әкені қолдап, игі істер челленджін бастауды ұсынды.
"Жанымыз жеңілдеп қалды. Біз әкесі мен балаларына пәтер емес, қуанышты күндер сыйладық. Оған қиын болса да, оларда өмірге деген ынта пайда болды. Өкінішке қарай, біздің елде мұндай мұқтаждар көп. Бірақ оларды қолдай алатын және қолдауға дайын адамдар да бар, тек бұл жүректерді жақсылық жасауға ояту керек", - дейді Кожановтар.
Ер адам балаларын өткен жылға дейін әйелімен бірге тәрбиелеген. Бірақ бір сәтте отбасы бұзылды. Ажырасу кезінде сот балаларды анасымен қалдырды, содан кейін олар Павлодар облысының Ақсу қаласында тұрды. Кейін әйел балаларды үйде жалғыз қалдыратындығы белгілі болды. Бір рет балалар бір күннен артық жалғыз қалған. Көршілер балалардың жылағанын естіп, полиция шақырды, құқық қорғау органдары балалардың әкесін тапты және қамқоршылық органдарына хабарлады. Ол кезде жас жігіт Павлодарда тұратын. Балаларды алып, ол Екібастұзға туыстарының қасына көшіп келеді, бірақ көп ұзамай жалдамалы баспана іздеуге тура келеді.
"Ақсу қамқоршылық органдары бізге осы отбасы туралы мәліметтерді берді, біз оны қадағалай бастадық. Меценаттар, депутаттар және үлкен қызы оқитын мектептің мұғалімдері әкеге пәтер жалдауға көмектесті. Сонымен бірге біз бұл отбасын кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға шығардық. Бізде жас әкенің бала тәрбиесімен айналысатынына үлкен күмән болды, оның кенжесі сол кезде екі жаста болатын. Сол кезде әкесі де қыдыратын, сондықтан комиссия оған сенуге бола ма, әлде балаларды алған дұрыс бола ма деп күмәнданды", - дейді Екібастұз білім бөлімінің басшысы Лаура Дисюпова.
Бірақ жас әке комиссияны өзіне сендіре алды.
"Ол балалары үшін шайқасты, ол өзінің әр баласы жайлы жылы сөйледі, оған мүмкіндік беруін сұрады, көмек сұрамады, жай ғана балаларды оған беруді өтінді. Біз оларға барғанда да сәбилерді алып кетеді деп ойлап, есікті ашудан қорықты. Біз пәтерге кіріп, балалардың әкесіне қалай жабысқанын көргенде бұл отбасыда әкенің махаббаты бар екенін түсіндік. Оған жұмыс керек екені түсінікті, бала тәрбиесінде тәжірибесі жоқ, 25 жастан сәл асқан. Бірақ оның көздері мен сөздерінде шынайылық болды, біз оған мүмкіндік бердік, біз қателеспедік деп ойлаймын. Бұл кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның жазалаушы орган ретінде ғана емес, әлеуметтенуге көмектесетіндігінің мысалы. Балаларды әрқашан алып кетуге болады, бірақ біз көмектесуіміз керек жағдайлар бар", - деп атап өтті Екібастұз білім бөлімінің басшысы.
Екібастұз әкімінің орынбасары Бибігүл Иманғалиева көпбалалы әкеге мүмкіндік беріп қана қоймай, бұған дейін пәтер жалдауға, әлеуметтік төлемдерді рәсімдеуге көмектескенін айтты. Үш баланы балабақшаға, ал әкені сонда аула тазалаушы етіп орналастырды.
Нұржан Құсайынов жаңа баспанаға көшіп келгеннен кейін үйдің жанында күзетші болып жұмысқа тұрды. Ер адамның кәсіби білімі жоқ.
"Кез келген әйел жалғыз өзі төрт баланы тәрбиелей алмайды, ал мұнда ер адам өзі тырысып жатыр. Балаларды тастап, ішіп немесе сынып кетпеді. Нұржанның отбасымен он күннен артық таныспыз. Бұған дейін қандай қиындық көргенін естідік. Біз көмек керек ондаған отбасыны қарастырдық, бірақ Нұржанды балаларымен көргенде оларға көмектесу керегін жүрегіммен сездім", - дейді Қанағат Қожанова.
Ер адам көз жасын ұстай алмады. Оған сыйлаған пәтерде жиһаз бен тұрмыстық техника бар.
"Екі-үш ай бұрын мен мұны тіпті армандамадым да, күтпеген сыйлық. Бірақ Асылбек аға менде баспана болады дегенде, мен оған сендім. Себебі ол алдайтын адам емес. Оған және оның отбасына үлкен рақмет", - деді Нұржан Құсайынов.
Нұржанның қыздары 4 және 8 жаста, ал ұлдары 3 және 5 жаста.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!