- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жүрегім нәзік". Тойда...
"Жүрегім нәзік". Тойда досына тілек айтып, жылап қалған жігіт жұртты күлдірді
Фото:
видеодан кадр
Тойда досына тілек айтып, жылап қалған жігіт жұртты күлдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде досының тойында тілек айтып тұрып, жылап қалған жігіттің видеосы тарап кетті.
Видеодағы жігіт күйеу жігітпен мектепте және колледжде бірге оқығанын айтады. Алайда тілегін аяқтай алмай, жылап жібереді.
"Менің жүрегім нәзік", - дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әлеуметтік желі қолданушылары жігіттің бұл әрекетінен шынайы достықты көріп тұрғандарын айтып, тәнті болды.
"Досының бақытына жүрегімен қуанып тұр ғой", "Қуаныштың көз жасы", "Жүрегі таза, досы үшін қуанып тұр", "Шын дос! Екеуі бірге көп қиындықтан өткен сияқты. Бақытты болсын!", - деп жазды олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова