Жақында танымал қазақстандық сазгер Арман Дүйсеновтің ұлы қайтыс болған еді. Оның Аруна есімді сүйіктісі әлеуметтік желіде марқұм жігітке арналған жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Сенен айырылу адам төзгісіз қиын, Абылай. Сіз мен үшін жай ғана жақын адам емессіз, сіз менің жанымның бір бөлшегіне, менің ажырамас бөлігіме айналдыңыз. Жүрегім қан жылап жатыр, сенің қасымда жоқ екеніңді саналы түрде қабылдай алар емеспін", - деп жазды ол.
Аруна есімді ару марқұм жігітімен бірге түскен суреттерін жариялады.
"Қазір мен фотосуреттерді қарап жатырмын, олардың әрқайсысы біздің өміріміздің қуаныш пен нұрға толы сәттерін бейнелейді. Суреттерге қараған сайын әрі жылы, әрі ауыр сезімде боламын. Сіздің күлкіңіз және шынайы қолдау сөздеріңіз тыныштықтағы нәзік сыбдыр сияқты, мәңгі есімде қалады. Бұл естеліктер менің ең қиын күндерде қуат беретін, ең үлкен қазына", - деген жазбасы әлеуметтік желідегі оқырмандарының жүрегін елжіретті.
Жас қыздың сүйіктісімен қоштасу жазбасы желіде жылдам таралып, желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, көңіл айтып жатыр.
"Сіздің күлкіңіз құлағымда қалды. Шынайы қолдау сөздеріңіз мәңгі жадымда. Бұл естеліктер - ең зұлмат күндерімді нұрландыратын асыл қазыналарым. Сіз маған көп нұр сыйладыңыз. Өмірімді мән мен бақытқа толтырдыңыз. Мен сізді өмірімді нұрландырған адам ретінде мәңгі есте сақтаймын. Сен менің жүрегімде өшпес із қалдырдың. Сол махаббат мәңгі өмір сүреді. Сіз менің өміріме әкелген барлық жақсылықты сақтауға уәде беремін. Жатқан жерің жайлы болсын, жаным!", - деп жазды ол.
Еске салайық, қайтыс болған Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!