Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова ұлының қамалуына байланысты қандай күйде жүргенін жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайрат Нұртас қамауға алынған сәттен бастап әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ұлына қатысты жиі ақпарат жариялайтын болды. Жан-жақтан келіп жатқан жұбату, қолдау хаттарды ашық бөлісіп, хейтерлердің де пікірін бөлісіп, оған қатысты өз ойын білдіріп жүр.
Ұшақта отырғанның өзінде: "Көзден жас құлап барады, жүрегім жылап барады. Әттеген-ай, ештеңе айта алмаймын", - деп жазба жариялаған.
Әлеуметтік желідегі оқырмандардың Қайрат Нұртас пен оның анасына деген ықыласы, жұбату, қолдау хаттары толассыз келіп жатқанын да байқауға болады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз