Танымал әнші Мақпал Жүнісова марқұм ағасын еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі бауырының қандай жағдайда өмірден өткенін әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
"Ертістің суы менің ағамды алып кеткен. Болат деген туған ағам бір қызды құтқарамын деп осы Ертістің суына кетіп қалды. 24 жасында кетті. Қараған сайын жүрегім ауырады", - деді әнші.
Желі қолданушылары әншінің қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
"Бауырдың орны бөлек, бауырдан айырылған - ең қиын, ауыр қаза. Жаны жаннатта болсын", "Бұл кәрі Ертіс кімді жұтпады дейсіз. Мүшел жасында кеткен екен. Иманы жолдас болсын", "Жаны жаннатта болсын! Алла, сабыр берсін! Жаным, апам!" - деп жазды олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә