"Жүрегім ауырады". Жазира Байырбекова ән тыңдап отырып, көзіне жас алды

Фото: "ХабарLike"

Танымал әнші Жазира Байырбекова "ХабарLike" бағдарламасына берген сұхбатында қазіргі кезде елімізде болып жатқан жайттарға алаңдайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші бағдарламада шырқалған әсем ән тыңдап отырып, көзіне жас алды.

"Қазір халықтың жағдайын көріп отырып, мұңаймай отыратын қазақ жоқ. Әлем қазір осындай қиын кезеңнен өтіп жатыр. Осындай қиын кезеңде сіздер көңіл көтеріп, бір сәтке болса да қиын заманда халықтың көңілін көтеруге атсалысып, өздеріңіз де еңселеріңізді түсірмей, іске кірісіп жатқандарыңызға рақмет. Қазір қаншама отбасы "қалай болар екен?" деп алаңдап отыр. Бәріміз солай алаңдап, әлеуметтік желіге кіріп, теледидардан жаңалық тыңдап, көзімізге жас алып жатырмыз. Енді қазір қаншама халықтың айрандай ұйып отырған баспанасы, шаңырағын тастап, "күніміз не болар екен?" деп ойлап отырғандарды көріп, жүрегім ауырады", - деді ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: 30 жыл інжу тойға тілектер

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә