- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жүрегі ұстап қалса...
"Жүрегі ұстап қалса не болады". Заманауи әнге тойда билеген кимешектегі әже көпшілікті сүйсінтті
Әлеуметтік желіде кимешекпен билеген әженің биі көпшілікті таңғалдырды. Бірі әженің бұл жүрісіне таңданыс білдірсе, бірі даттап үлгерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоны TikTok желісіне r.o.u.z.i атты қолданушы жариялаған. Бейнежазбаға 60 мыңға жуық лүпіл басылып, 800-ден астап пікір жазылған.
@r.o.u.z.i ♬ оригинальный звук - 🦦
"Сен 22-ге келіп шаршап жүрсің" деп жазған автор.
Желі қолданушылары "үлкен кісілерге дұрыс музыка қоймай ма, жүрегі ұстап қалса қайтеді", "кезінде биді жақсы билеген апа сияқты ғой", "бренд сөмкесін айтсайшы", "апа ырғақты сезініп билеп тұр ғой", "өскенде осындай апа боламын", "мына апаны кәрі деуге бола ма", "ойбу, кемпірден ұят болды, жасымыз келмей шаршаймыз", "осы тойға мазақ болмау қою керек қой", "кимешек киіп, мына би не масқара", "апалар билегенде қазақша музыка неге қоймайды" деп жазды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы