- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы жүрекке ота
Жүрегі төрт рет тоқтап қалған: алматылық дәрігерлер науқасты таңғажайып жағдайда аман алып қалды
Алматыда 42 жастағы науқас қалалық кардиологиялық орталыққа жедел жәрдем бригадасымен жедел миокард инфаркті диагнозымен жеткізілді. Қабылдау кезінде науқастың жүрегі тоқтап қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дәрігерлер дереу жансақтау шараларын жасаған. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі Ғани Бугираевтың айтуынша, науқастың жүрегі 15 минут ішінде төрт рет тоқтаған. Науқас ауыр жағдайда болғанына қарамастан, реаниматологтар жүректің жұмысын қалпына келтірді.
"Науқастың жағдайы тұрақталғаннан кейін оған жедел коронарография жасалды. Тамырлар зардап шеккенін білгеннен кейін дәрігерлер жүрек бұлшық етіндегі қан айналымды қалпына келтіру үшін шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдады", - деп жазылған хабарламада.
Науқастың өмірін сақтауда шешуші рөлді бүкіл команда - реаниматолог, интервенциялық хирург және анестезиологтар атқарған.
Ғани Бугираев мұндай жағдай тек кәсіби дағдыны емес, психологиялық тұрақтылықты да қажет ететінін айтты.
Қазір науқастың жағдайы тұрақталып, үйге шығарылғаны белгілі болды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова