"Жүрегі тоқтап қалған". Қарағандыда етке қақалған ер адамды дәрігерлер аман алып қалды

"Жүрегі тоқтап қалған". Қарағандыда етке қақалған ер адамды дәрігерлер аман алып қалды
Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

Қарағанды ​​облыстық клиникалық ауруханасының реаниматологтары 36 жастағы ер адамды өлім ауызынан аман алып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

36 жастағы ер адам ата-анасымен түскі ас ішіп отырған уақытта, бір кесек етке қақалып, тұншыға бастаған. Сол кезде әкесі алғашқы медициналық көмек көрсеткен, бірақ тыныс жолдарын босату мүмкін болмаған. Отбасы жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлердің айтуынша, облыстық клиникалық ауруханаға кіреберісте науқастың жүрегі тоқтап қалған.

"Клиникалық өлім жағдайында жеткізді, тамыр соғысы, тыныс алу болмады. Біріншіден, оның тұншығып жатқанын ескере отырып, бірден тікелей ларингоскопия жасады. Дәрігерлер науқастың тыныс алу жолын жауып тұрған етті көріп, оны қысқышпен алып тастады. Сосын жанама жүрек массажын жасады. Осы сәттен кейін оның жүрегі соға бастады", - деді облыстық клиникалық аурухананың реаниматологы Александр Собянин.

Сол күні кешке ер адам есін жиған, кейін өкпені жасанды желдету аппараты алып тасталған. Келесі күні науқас палатаға ауыстырылды. Ер адам қазір Қарағандыда ​​өз үйінде.

Александр Собяниннің айтуынша, бір кесек ет үлкен болғаны жақсы болған.

"Егер басқалай болғанда біз оны әдеттегі әдістермен алмас едік, мүмкін трахеотомия жасайтын едік. Мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Біз науқасты алып келгенде трахеотомия жасауға дайын едік, бірақ оның жағдайында оған аса қажет болмады", - дейді маман.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Алғабек