- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жүрегі тоқтап қалған"....
"Жүрегі тоқтап қалған". Әйел блефаропластикадан кейін комаға түсті
Ресейде жантүршігерлік оқиға болды. Воронеждік әйел қабағына пластикалық ота жасатуға шешім қабылдаған. Отадан кейін әйел комаға түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі baza Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Дәрігердің кеңесімен 36 жастағы Елена Пятигорск қалалық клиникалық ауруханасында пластикалық ота жасауды жоспарлаған. Әйел клиникаға сәуірде барып, барлық қажет сынақтан өткен. Дәрігерлер ота жасауға қарсы белгілер таппаған. 24 сәуірде Еленаға ота жасалған. Дәрігерлер бұл процедура екі сағатқа ғана созылады деп уәде берген.
Алайда жарты сағаттан кейін әйелдің жағдайы күрт нашарлаған. Оның оттегімен қанығу деңгейі төмендеп, анафилактикалық шокқа түсіп, жүрегі тоқтап қалды. Осылайша, Еленаның ағзасы анестезияға реакция берді. Құжаттарға сәйкес, дәрігерлер реанимация жасап, кейін блефаропластика отасын жасауды жалғастырған.
Дәрігерлер Еленаның туыстарына бұл жағдайды айтпай, медициналық комаға түскен, көп ұзамай есін жинайтынын айтқан. Бірақ Елена әлі өзіне келмеген. Қазір Елена түтікпен дем алады, тамақ ішеді. Бірақ оның миы мүлдем белсенді емес.
Еленаның туыстары қыздың жағдайын пятигорскілік дәрігерлердің қателігі деп есептейді. Олардың айтуынша, операция жасаған пластикалық хирург Нина Сафонова реанимацияға жауапты анестезиолог-реаниматолог Наталья Чисманидиді кінәлап отыр. Сонымен қатар, Еленаның туыстарының айтуынша, операцияға дейін де одан жасалған қызмет актісіне қол қоюды сұраған. Әйелдің отбасы Росздравнадзорға, Ресей Денсаулық сақтау министрлігіне және Тергеу комитетіне шағымданған. Бұл іс бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек