- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жүрегі ауыратындар мен...
Жүрегі ауыратындар мен қант диабетіне шалдыққандар жеуі керек жеміс
Жүрегі ауыратындар мен қант диабетіне шалдыққандар грейпфрутты жиі тұтынуы керек. Диетолог Наталья Денисова бұл жемістің денсаулыққа пайдасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "aif.ru" сілтеме жасап.
Наталья Денисованың сөзінше, грейпфрут құрамында нарингенин бар, ол ағзадан холестериннің артық мөлшерін шығаруға және жасушаларға өздері шығаратын инсулинді қабылдау қабілетін қалпына келтіруге көмектеседі. Диетолог нарингин жемістің ақ арақабырғаларында кездесетінін, сондықтан ол ащы болатынын түсіндірді, яғни грейпфруттың барлық пайдасын сіңіру үшін жеміс жұмсағымен бірге ақ тамырларды да жеген дұрыс.
Ал жүрегі ауыратын адамдарға грейпфруттың құрамындағы калий оң әсер етеді, ол жүрек қысымы мен ырғағын қалыпқа келтіре алады.
"Грейпфруттағы антиоксиданттар (фенол қышқылдары, флавоноидтар, каротиноидтар, ликопен) тамырлардағы микроинфламацияның дамуына кедергі келтіріп, атеросклероздың алдын алуға қауқарлы", - деді дәрігер.
Сонымен қатар, диетолог грейпфрутті жеген кезде белгілі бір шектеулерге назар аудару керегін еске салды. Мысалы, цитрустың шырынын анальгетик, антидепрессант, антибиотик, гормоналды контрацептивтер және басқамен араластырып ішу ұсынылмайды. Өйткені грейпфрут жұмсағында осы препараттардың тиімділігін төмендететін фуранокумарин заты бар.
"Сондай-ақ, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы асқынған адамдар, гепатит, холецистит, панкреатит, ішектің созылмалы қабыну аурулары бар науқастар, цитрус жемістеріне аллергиясы бар адамдар грейпфрутті сақтықпен тұтынуы керек", - деді ол.
Бұдан бөлек, грейпфрут қышқылының тіс эмальына зиян әсерін азайту үшін оның шырынын түтікпен ішкен жөн.
Айта кетейік, бұған дейін грейпфруттың зияны қандай екені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жұмысқа қабілеттіліктің сатылары қандай?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә