Ресми жұмысқа тұрған кездегі маңызды әлеуметтік кепілдіктердің бірі - уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы төлеу. Заңгер Надежда Гельдт Қазақстанда қызметкерлер ауырған жағдайда қанша күнге анықтама алып, жұмыстан қала алатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Lifestyle-ға сілтеме жасап.
Заңгердің айтуынша, ҚР Еңбек кодексінде жылына нақты қанша рет ауырғаны туралы анықтама алып, жұмыстан қалуға болатыны белгіленбеген. ҚР Еңбек кодексінің 133-бабы 3-тармағына сәйкес, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы еңбекке жарамсыздықтың бірінші күнінен бастап қызметкер жұмысқа шыққан күнге дейін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектік белгіленгенге дейін қызметкерлерге төленеді.
Бірақ ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 20-тармағы негізінде жұмыс беруші уақытша еңбекке жарамсыздық салдарынан қызметкер қатарынан екі айдан аса жұмысқа келмесе, сол қызметкермен еңбек шартын тоқтатуға құқылы екенін ескеру қажет. Бірақ бұл қызметкер бала күтімі бойынша демалыста болған, сондай-ақ ауруы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін ұзақ мерзімді еңбекке жарамсыздығы белгіленгендердің тізбесіне енгізілген жағдайларды қоспағанда саналады.
"Өндірістен алған жарақаттан немесе аурудан еңбекке қабілеттілігінен айырылған қызметкердің жұмыс орны оның еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенге немесе мүгедектік белгіленгенге дейін сақталады", - деді "Право знать" арнасының авторы.
Айта кетейік, сонымен жылына ауырғаны туралы алуға болатын анықтама саны шектелмейді. Бірақ екі айдан кейін ауырғаны туралы анықтама тоқтатылмаса (заңда көзделген ерекшеліктерден басқа), қызметкер оны ұзартады және/немесе жұмысқа шықпаса, жұмыс беруші еңбек шартын бұзуға құқылы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!