- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жұмыста жүріп мүгедек...
Жұмыста жүріп мүгедек болып қалған тұрғын сот арқылы 1 миллион теңге өндіріп алған
Астана сотында денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы жәбірленушінің талабы қанағаттандырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Талапкер О. 1983 жылғы мамырдан бастап Алматы темір жолында қызмет еткен. Кейін өндірісте жазатайым оқиға болып, салдарынан 2-топтағы мүгедек болып қалған.
Сот шешімімен денсаулыққа келтірілген залалды өтеу жауапкершілігі кәсіпорынның иесіне жүктелген.
"2022 жылғы сәуірге дейін жұмыс беруші талапкерге ай сайын 47 мың теңге мөлшерінде зиян сомасын төлеп отырған. Жауапкер "Ц" АҚ 2022 жылдан бастап жұмыс берушінің құқықтық мұрагері, алайда ол жауапкерге жәрдемақы төлеуге қатысты құжаттар берілмеуіне байланысты зиян сомасын төлеуден бас тартқан. 1986 жылғы сот шешімімен зиян сомасы рубльмен өндірілген, осыған орай төлем сомасын теңгемен анықтау мүмкін болмаған", - деп жазылған сот мәліметінде.
Сот шешімімен жауапкерден 1 миллион теңгеден аса сома өндіріп алынды.
"Инфляция деңгейін ескере келе төлемдер жыл сайын қайта есептелетіндіктен, талапкердің пайдасына ай сайын 117 мың теңгеден төленеді. Сот талапты толық көлемде қанағаттандырды. Сот шешімі заңды күшіне енді", - деп жазылған мәліметте.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова