Жұмыссыздар мемлекеттен қалай әлеуметтік төлем ала алады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыздар бойынша мәлімет жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қанша адам жұмыссыз?

1 желтоқсандағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны - 331,7 мың адам. Биыл 289,8 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалып отыр. Төлемнің жалпы сомасы - 118,5 млрд теңге.

Жұмыссыздар мемлекеттен қалай әлеуметтік төлем ала алады?

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және кейінгі 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем ала алады. Ол бұған дейінгі кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен төленеді.

Ол үшін:

  • eGov.kz порталында тіркелу;
  • "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;
  • онлайн қызметке тапсырыс беріп, барлық жолды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінішті жіберу қажет;
  • бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;
  • жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);

Бұл қызметті онлайн режимде электрон еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!