- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жұмысшыны қағып, кейін...
"Жұмысшыны қағып, кейін КамАзға соғылған". Қарағанды облысында жол апатынан бес адам қаза тапты
Қарағанды-Астана тас жолындағы жол-көлік оқиғасынан бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жол апаты 9 қазан күні сағат 15:00 шамасында Қарағанды облысы Осакаров ауданында "Қарағанды-Астана" тас жолында, Осакаров ауданынан 50 шақырым жерде болған.
Қарағандыдан Астанаға қарай жүріп бара жатқан Ford Ranger автокөлігінің жүргізушісі көліктің рөліне ие бола алмай қалып, жол жөндеп жатқан жұмысшыны соғып, кейін жол шетінде тұрған КамАзға соғылған.
Көлік апатының салдарынан жұмысшы, "Ford Ranger" автокөлігінің жүргізушісі және сол көліктің үш жолаушысы оқиға орынында қайтыс болды.
"Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-тармағына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді Қарағанды облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан