Қазіргі таңда көпшілігі шетелге шығып жұмыс істеп, қомақты табыс тапқысы келеді. Отандастарымыз көбіне Корея мен Америкаға барып еңбек еткенді жөн санайды екен. Бейресми ақпарат бойынша Кореяда 20 мыңнан аса отандасымыз еңбек етіп жатыр. Ал Кореяға жұмысқа бару үшін таныс керек пе? Бұл сұраққа сол елде 5 жылдан бері еңбек етіп жатқан Меруерт "Бағдар" YouTube арнасына берген сұхбатында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Көп адам осылай сұрап жатады. Мен өзім Кореяға жалғыз баруға қорқамын. Қалай барсам болады? Не істесем болады? - деген сияқты сұрақтар қояды. Мен Кореяға жалғыз келдім. Қасымда ешкім болмады. Жалғыз келуден қорқудың қажеті жоқ. Бірақ қазіргі таңда танысың болса өте көп көмегін тигізеді. Кореяға келгеннен кейін сенің жұмысқа тұруың, тілді білмеуің, жатын орын іздеуің оның барлығы қиындық тудырады. Ал егер танысың болса саған жұмыс пен жататын жер тауып қоюы мүмкін. Осы тұрғысынан таныс керек деп айта аламын", - деді ол.
Сондай-ақ, Меруерт Кореяда жұмыс ұсынатын, жалға пәтер беретін инстаграм, телеграм әлеуметтік желілерінде парақшалар бар екенін айтты. Сондықтан Кореяға таныссыз-ақ келе беруге болатынын жеткізді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!