Кей қазақстандық жұмыс берушілер қызметкерлерді оларға айыппұл салу арқылы жазалайды. Мұндай әрекеттер қаншалықты заңды? Бұл сұраққа заңгер Надежда Гельдт жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-ке сілтеме жасап.
Кешігу тәртіптік бұзушылық болып саналады. Десе де, қызметкер жұмысқа бірнеше рет кешігіп келсе де, оған айыппұл салуға тыйым салынған. Себебі жалданушы қызметкер компания мүлігіне залал келтірсе ғана материалдық жауапты болады.
Маманның айтуынша, жұмыс беруші тек мынадай тәртіптік жазалар қолдана алады:
"Тәртіптік жаза қолдану Еңбек кодексімен немесе басқа да заңдармен қарастырылмаған. Сондықтан тәртіптік жаза ретінде айыппұл салу жұмысшының құқығын бұзу болып саналады", - дейді Надежда Гельдт.
Жұмысшы мекемеге қарыз болса, тек сот шешімі арқылы оның жалақысынан ақша ұстап қалуға болады.
"Мысалы, мұндай жағдайларға авансты немесе қызметкердің оқуымен байланысты шығындарды ақтамау, іссапарға байланысты берілген соманы уақытында қайтармау жатады", - дейді заңгер.