Жұмыс істеуге немесе жұмыс орнымен байланысты әрекеттерге деген иррационалды және тұрақты қорқынышты эргофобия деп атайды. Статистикалық дерекке сүйенсек, әр төртінші адамда осындай қорқыныш бар. Бұл біздің өмірімізге қалай әсер етеді және арылу жолдары қандай? Massaget.kz тілшісі тарқатады.
Эргофобия - салыстырмалы түрде сирек кездесетін фобиялардың бірі. Ол көбіне басқа мазасыздық бұзылыстарының (мысалы, әлеуметтік фобия немесе жалпы мазасыздық бұзылысы) құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Эргофобия термині грек тіліндегі "ergon" (жұмыс) және "phobos" (қорқыныш) сөздерінен шыққан.
Жұмыстан қорқу әртүрлі себеппен пайда болуы мүмкін. Кей адамдар жұмыстан шығып кетемін деген қорқынышпен жүретіндіктен, жұмысқа тұруға қорқады. Ал енді бірі жұмыстағы тәртіп өмірімді қиындатады деп ойлайды.
Ересек адамның көптеген мәселелері бала кезінен басталады. Психологтардың айтуынша, егер ата-аналардың бірі жұмыстан қорқуды сезінсе және осы тәжірибемен бөліссе, бала санадағы ең маңызды ересек адамның бұл әрекетін психикалық үлгі ретінде қабылдап алады.
Ал оның пайда болуын былайша тізіп көрсетуге болады:
Психологиялық бұзылыстар: депрессия, мазасыздық бұзылыстары немесе травматикалық стрестен кейінгі синдром (ПТСР).
Эргофобия әртүрлі психологиялық және физикалық симптомдар арқылы көрінуі мүмкін. Мәселен, жұмыс туралы ойлағанда мазасыздық сезімі туып, қорқыныш, үрей немесе өз-өзіне сенімсіздік басуы мүмкін. Ал физикалық белгілерін сипаттар болсақ, жүрек соғысының жиілеуі, терлеу, қолдардың дірілдеуі байқалады.
Бас айналу немесе дем алудың қиындауы да белгіге жатады. Асқазан-ішек аурулары (жүрек айну, іштің ауыруы) сынды белгілер жұмысқа байланысты жағдайларда күшейіп, күнделікті өмірге кедергі келтіруі мүмкін.
Эргофобия емделмеген жағдайда адамның кәсіби және қаржылық жағдайына теріс әсер етеді. Бұл келесі салдарға әкелуі мүмкін жұмыссыздық және қаржылық қиындықтарға, әлеуметтік оқшаулануға, өзін-өзі бағалаудың төмендеуіне, созылмалы депрессия немесе басқа да психикалық бұзылыстарға әкеп соғуы мүмкін.
Эргофобияны емдеу үшін кешенді тәсіл қажет. Оған психотерапия, медикаментозды емдеу және өзін-өзі басқару стратегиялары кіруі мүмкін.
1. Психотерапия
Когнитивті-мінез-құлық терапиясы (КМТ): Эргофобияны емдеудің ең тиімді әдістерінің бірі. Бұл терапия қорқынышты тудыратын ойларды қайта қарастыруға және өзгертуге көмектеседі.
Экспозициялық терапия: Пациент біртіндеп қорқыныш тудыратын жағдайларға тап болып, оларға үйренеді.
2. Медикаментозды емдеу
Дәрігер антидепрессанттар немесе мазасыздыққа қарсы дәрілер тағайындауы мүмкін. Бұл дәрілер симптомдарды уақытша жеңілдетуге көмектеседі.
3. Релаксация және өзін-өзі басқару
Медитация, тыныс алу жаттығулары, йога сияқты әдістер мазасыздықты азайтады.
Стресті басқару техникалары жұмысқа бейімделуді жеңілдетеді.
4. Кәсіптік кеңес беру
Кәсіптік маман адамның күшті және әлсіз жақтарын анықтап, жаңа жұмыс орнына бейімделуге немесе мансапты ауыстыруға көмектеседі.
Еске салайық, бұған дейін мысықтан қорқатын адамдар қалай аталатыны жайлы жазған едік.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз