Павлодар полицейлері жұмысқа жеке көлігімен бара жатып жоғалып кеткен 52 жастағы кәсіпкердің өлімін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кәсіпкерді іздеу бір күннен аса уақытқа созылған.
"Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын хабар-ошарсыз кеткен қала тұрғынының мәйітін тапты. "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар адамды анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деп түсіндірді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Полиция департаменті өкілі тергеу барысында болған оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталатынын айтты.
Кәсіпкер жоғалып кеткенін полицияға туыстары хабарлаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Ер адамның жеке кәсібі бар. Кейбір мәліметтерге сәйкес ол серігімен кездесуі керек еді. Кездесу өтті ме, жоқ па, оны анықтау мүмкін болмады", - деді Павлодардың "VITA" іздеу жасағының еріктілері.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова