Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласына жаңа экологиялық және санитарлық-гигиеналық ережелер енгізу керек екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын үнемшіл болуға ынталандыратын жаңа экологиялық және санитарлық-гигиеналық ережелер енгізу керек. Табиғи ресурстарды, әсіресе, суды үнемдеу мәдениетіне келсек, ол жағынан үлкен кемшілік бар екенін мойындауымыз қажет. Яғни атқарылатын жұмыс шаш етектен. Бұл – азаматтардың, әсіресе, жастардың арасындағы түсіндіру шараларының, тіпті идеология жұмысының жеке бір бағыты. Біз қазірдің өзінде судың тапшылығын сезініп отырмыз. Ал оны тұтыну мәдениеті төмен. Су мәселесіне кейінірек тоқталамын", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысының пікірінше, кейінгі жылдары қарқынды дамып келе жатқан тұрғын үй құрылысы саласына да айрықша назар аударған жөн.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!