“Жұмыс орындарыңыз кабинетте емес, құрылыс алаңдарында“: Бектенов бірнеше лауазымды тұлғаға шүйлікті

Премьер-министр Олжас Бектенов электр энергетикасы саласын дамыту бойынша жиын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жиынға премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, премьер-министрдің орынбасары - Үкімет аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, "Самұрық-Энерго" және KEGOC ұлттық энергетика компанияларының басшылары Қайрат Мақсұтов пен Нәби Айтжанов қатысты.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр энергетикалық жобаларды жүзеге асыру кезінде мерзімін кейінге ысыру тәжірибесін сынға алды.

"Президент энергетикада тиісті динамика жоқ екенін бірнеше мәрте айтып келеді. Сондықтан бәріңіз күш жұмылдыруыңыз керек. Жоспарланған жобалар белгіленген мерзімде жүзеге асырылуға тиіс. Ешқандай үзіліс болмауы керек. Министр, "Самұрық-Энерго" және KEGOC басшылары, сіздер, әрбір нысан үшін тікелей жауаптысыздар. Сіздердің жұмыс орындарыңыз кабинетте емес, құрылыс алаңдарында", - деді Олжас Бектенов.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!