- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жұмыс орныңыздағы мына...
Жұмыс орныңыздағы мына әдеттер денсаулыққа зиян тигізеді
Кейбір кеңседегі әдеттер әл-ауқатты айтарлықтай нашарлатып, тіпті денсаулыққа байланысты ауыр салдарға әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл туралы терапевт Светлана Бурнацкая айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Лента.ру-ға" сілтеме жасап.
Денсаулыққа айтарлықтай зиян тигізетін ең алғашқы әдет - отырықшы өмір салты. Дәрігердің айтуынша, ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес кеңседе жұмыс істейтін адамдардың күнінің 85 пайызы отырумен өтеді, ал мұның салдарынан төмен физикалық белсенділіктен болатын патологиялық жағдай - гиподинамия пайда болады.
Оған қоса, кеңседе жұмыс істейтіндер 7-8 сағат бойы үстелде отырады. Бұл бұлшықет-тоникалық синдромның даму қаупін едәуір арттырады, сөйтіп арқа ауырады, мойынның ұзын бұлшықеттерінің спазмы және бас ауруы пайда болады.
"Мұндай ауыр салдардың алдын алу үшін жұмыс уақыты арасында дене қыздыратын жаттығу жасауға болады. Мысалы, бірнеше рет иілу немесе еңкею арқылы денені сергіте аласыз", - деді терпевт.
Бұдан бөлек тұрмыста да белсенді болған жөн, яғни автобусқа мінудің орнына жаяу жүріп, лифттің орнына баспалдақпен көтеріліп, жылытатын май мен массаж жасауға болады.
Сонымен қатар, Светлана Бурнацканың сөзінше, кеңседегі зиян әдеттің бірі - күні бойы компьютер алдында отыру, бұл сіздің көру қабілетіңізді нашарлатады. Ал көз бұлшықеттерін босаңсытып, көру өткірлігін арттыру үшін мезгіл-мезгіл көз жаттығуларын жасаған абзал.
Ал зиян әдеттердің соңғысы - таңғы, түскі асқа дұрыс тамақтанудың орнына, тіскебасар жеу. Кеңседе жұмыс істейтін кейбір адамдар үйінен тамақ әкелуге, асханаға баруға ерініп, жұмыс орнынан шықпай-ақ самса, сэндвич секілді тіскебасар жейді. Бұл дұрыс емес, өйткені адам сау болғысы келсе, ең алдымен дұрыс тамақтануы шарт.
Айта кетейік, бұған дейін кеңсе қызметкерлері жиі шалдығатын 4 аурудың қандай екені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жыраулар мен ақындардың Қазақ хандығының қоғамдық-саяси өміріндегі рөлі қандай?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә