Әлеуметтік желіде Жамбыл облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы жайтқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін бірқатар БАҚ-та Еркін Келесов жұмыс орнында ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шенеунікке қатысты тергеу басталғанын хабарлады.
"Соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - деп жазылған хабарламада.
Десе де ҰҚК Қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын ашық айтпады.
Айта кетейік, Еркін Келесов 2022 жылғы маусымнан бастап Жамбыл облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын басқарып келеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!