- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жұмыс орнында тек...
Жұмыс орнында тек әріптеспіз - әскерде табысқан жұп
Талдықорған әскери гарнизоны құрамында 10-ға жуық әскери бөлім бар болса, оның ішінде Отан қорғап жүріп отау тіккен әскерилер де аз емес. Солардың қатарында аға лейтенант Тимур Темірқұл мен ефрейтор Альбина Жұмеке де бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
18/404 әскери бөлімінде танысып, шаңырақ көтергелі жатқан бұл жұп десанттық-шабуылдаушы бригадасының медициналық ротасында қызмет етеді.
Аға лейтенант Тимур Темірқұл - Әулиетадағы әскерилердің әулетінен шыққан офицер. Тимурдың атасы да, әкесі мен анасы да әскери қызметте болған. Дәстүрді бұзбай өзі де медициналық колледж бен әскери институт тамамдапты. Лейтенант шенін алып, жолдамамен үш жыл бұрын десантшы-шабуылдаушылар бригадасына келді.
Тимур әскери қызметтегі абыройлы міндетін атқарып жүріп, жаңадан жұмысқа келген жас маманмен көңіл жарастырады. Темірдей тәртіппен жүрген офицердің жүрегін бойжеткен бойындағы өзіне тән ерекше қасиеттерімен жаулап алған.
"Жұмысқа деген өте жоғары жауапкершілігі болды. Қойылған тапсырмаларды бұлжытпай орындады. Жүрегіндегі имандылығы менің де жүрегімді жаулап алды", - дейді Тимур Темірқұл.
Альбина - Талдықорған жоғары медициналық колледжінің түлегі. Екі жыл жедел жәрдем қызметінде фельдшер болып, тәжірбие жинап, әскери бөлімге ауысқан.
"КПП-ға дейін біз қыз бен жігіт болып келіп, КПП табалдырығын аттағаннан кейін жұмыс орнында біз тек әріптес ретінде ғана жұмысымызды істейміз. Ол кісі - менің командирім, бұйрық, тапсырмалар береді. Мен соны жауапкершілікпен бұлжытпай орындаймын", - дейді Альбина Жұмеке.
Айта кетейік, 18404 әскери бөлімінде 1,5 мыңға жуық офицер мен жауынгер қызмет етеді. Ал мұндағы қызметкерлердің 15-20 пайызы ерлі-зайыпты екен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова