Жиі талқыға түсетін тіркестердің бірі - жұмыс жасау және жұмыс істеу. Massaget.kz "Қай нұсқа дұрыс?" айдары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы, PhD ғылым докторы Жанат Асылханқызынан дұрыс нұсқаны сұрады.
"Жұмыс жасады" деген тіркес қате екені үнемі айтылып-жазылып жүрсе де, сын-ескертпеден нәтиже болмай келеді. "Жасау" сөзі қолдан жасалатын немесе құрастырылатын заттарға байланысты қолданылады. Мысалы: құмыра жасау, есік жасау, т.б", - деп түсіндірді маман.
Филологтың айтуынша, жұмыс жасалмайды, істеледі. Демек дұрысы - "жұмыс істеу".
Іс-шара, шара: қай нұсқа дұрыс?
Бару керекпін, баруым керек: қай нұсқа дұрыс?
Биылғы жыл, биыл, ағымдағы жыл: қай нұсқа дұрыс?
Өкінішке орай, өкінішке қарай: қай нұсқа дұрыс?
Бірге ме, бөлек пе: қай нұсқа дұрыс?
Мереке ме, мейрам ба: қай нұсқа дұрыс?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!