Ең тиімді жаза - ол ақшалай жаза. Сондықтан да кейбір жұмыс берушілер қызметкердің қателігі үшін, оған айыппұл салған жағдайлар кездесіп жатады. Бірақ заң бойынша жұмыс берушінің мұндай әрекеті дұрыс па? Заңгер Бауыржан Сералин жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заңгердің айтуынша, жұмыс берушінің қызметкерге ақшалай айыппұл салуына құқығы жоқ. Бұл тұжырым ҚР Еңбек кодексінің 64-бабына негізделген, онда қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс беруші тәртіптік жазаның мынадай түрлерін қолдануға құқылы екендігі көрсетілген:
Заңгер осылардан өзге тәртіптік жазалау шаралары заңға қайшы екенін айтты.
Сонымен қатар, егер талап ұйымда жазбаша түрде бекітіліп, барлық қызметкер назарына жеткізілген болса, тәртіптік жаза қолдану кезінде, сыйлықақыны төлемеуге жол беріледі.
"Егер қызметкер мүлікке зиян келтірсе және ол материалдық жауаптылыққа тартылған болса, қызметкердің жазбаша келісімі бойынша ғана оның жалақысының бір бөлігін зиянды өтеу үшін ұсталуы мүмкін. Бұл ҚР Еңбек кодексінің 115-бабында көрсетілген. Осылайша, еңбек қатынастарында ақшалай айыппұл заңмен қарастырылмаған",- дейді Бауыржан Сералин.
@bauyr_ser Вправе ли работодатель штрафовать работника? Жұмыс беруші қызметкерге айыппұл сала ала ма? #БауыржанСералин #заңгер #қазақшазаңгер #87055841698 #юрист #құқықтықкөмек #юридическаяконсультация #LSgroup ♬ оригинальный звук - Бауыржан Сералин
Алайда, ҚР Еңбек кодексінің 123-бабына сәйкес жұмыс беруші қызметкер келтірген нақты залалдың құнын өтеуін талап етуге құқылы. Тікелей нақты нұқсан деп жұмыс берушінің немесе қабылдаушы тараптың қолда бар мүлкінің шынайы азаюы немесе көрсетілген мүліктің жай-күйінің нашарлауы, сондай-ақ жұмыс беруші немесе қабылдаушы тарап үшін мүлікті сатып алуға немесе қалпына келтіруге шығын шығару не артық төлем жүргізу қажеттілігі түсініледі
Бұдан басқа, залал келтірілгеннен кейін еңбек шартын тоқтату қызметкерді жұмыс берушіге келтірілген залалды өтеу жөніндегі материалдық жауапкершіліктен босатпайды.
Айта кетейік, бұған дейін жұмыс беруші жалақыны кешіктірсе қанша мөлшерде өсімпұл төлеуге міндетті екені хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Бейтараптандыру реакциясы мен титрлеу әдісі дегеніміз не?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз