Диетолог-дәрігер, нутрициолог Евгений Арзамасцев жұмыртқаны тұтынбас бұрын жуудың маңыздылығы жайлы, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Москва 24" сайтына сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, жұмыртқаны қолданбас бұрын жуған дұрыс. Себебі оның сыртқы қабығында денсаулыққа зиян келтіретін, ағзаны улайтын зиянды заттар болуы мүмкін.
"Мұндағы ең қауіптісі – сальмонелла бактериясы. Ол өткір ішек инфекциясын тудырады. Оны жұқтырған адамның іші ауырып, құсуы, іші өтуі, дене қызуы жоғарылауы мүмкін. Зиянды инфекция жуылмаған жұмыртқаны жарған кезде ішке енуі мүмкін", – деді ол.
Сондықтан дәрігер аздап жарылған, алайда бұзылып үлгермеген жұмыртқаны қолданбауға кеңес береді.
"Оны жуғаннан ешқандай пайда жоқ. Себебі қабығында болған зат ішке еніп үлгереді. Мұндай жұмыртқаны мүлдем жемеген дұрыс. Инфекциялық аурулар мен уланудың алдын алу үшін жұмыртқаны қайнатар алдында жуған абзал. Өйткені термикалық өңдеу кезінде қабықтағы лас заттардың бәрі кетпеуі мүмкін", – деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!