Жұмыртқа, сары май және қаймақтан бас тарту холестерин деңгейін төмендетуге көмектеспейді, өйткені тағам арқылы ағзаға тек 10-15 пайыз холестерин енеді, ал қалған 85-90 пайызды ағза өзі өндіреді. Бұл туралы терапевт, кардиолог Константин Иванов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "kp.ru" сілтеме жасап.
"Ең алдымен, біз холестеринді қалпына келтіруіміз керек. Ол ағзаға өте қажет. Бұл заттан жасушалардың мембраналары жасалады. Одан ерлер мен әйелдерде жыныстық және басқа гормондар синтезделеді", - деп түсіндірді сарапшы.
Сонымен қатар, дәрігер холестериннің әр түрлі сорттары барын, оның барлығы бірдей зиян емесін түсіндірді. Егер қан анализі арқылы ағзада жалпы холестериннің жоғарылағаны анықталса, бұл міндетті түрде ауыр салдарға әкеп соқтырады деген сөз емес.
Холестерин деңгейін төмендетуге жаңғақтар, тұқымдар, бұршақ дақылдары, авокадо, ақсерке және зәйтүн майы көмектеседі.
Тағы да оқи отырыңыздар: Айдың 8 күні туған адамдар қандай болады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз