“Жұмбақ өлім“. СҚО-да өртенген үйден үш адам өлі табылды

Солтүстік Қазақстан облысында үш адамның жұмбақ өліміне байланысты тергеу басталды. Олардың денесі Полтавка ауылындағы өртенген үйден табылған. Марқұмдардың бірі - сол үйдің иесі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Баспанада өрт кешкі мезгілде тұтанған. Оқиға орнында үш арнайы техника мен сегіз өртсөндіруші жұмыс істеген. Алайда баспананың түгі қалмай өртенген.

Күлдің арасынан 58 жастағы әйел адамның, 44 және 46 жастағы екі ер адамның денесі табылған.

"Сарапшылар марқұмдар өрттен емес, кісі қолынан қаза тапқан деп болжап отыр", - деп жазылған арна мәліметінде. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!