Атырау облысында жеке үйден екі адам өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 8 желтоқсанда Есбол ауылында болған. Басылым мәліметінше, 1976 жылғы үй иесі жалғыз тұрады, оған тағы бір жігіт қонаққа келген. Екеуі де көз жұмған.
Индер ауданы әкімшілігінің баспасөз қызметі мәліметінше, олар газдан уланбаған. Әкімдік өкілдері "екі адамның да жүрегі тоқтаған болуы мүмкін" деген болжамды айтқан.
Бұл дерек бойынша сараптама тағайындалған. Полиция тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова