Жұмбақ жағдайда жоғалған отбасы: марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты істің егжей-тегжейін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, бұл іс бойынша күдіктілер Индонезияда ұсталған.

"Қазақстандық полицейлер Интерполмен, Индонезия полицейлерімен өзара іс-қимыл арқылы үлкен жұмыс атқарды. Күдіктілер Индонезияда ұсталды. Жақын арада олар Қазақстанға жеткізіледі", - деді ІІМ өкілі.

Ерлі-зайыпты бұл іс бойынша күдікті екені айтылды. Ал марқұмдардың ұл-қызы әлі іздестіріліп жатыр.

Еске салайық, 24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні Индонезияда ұстағаны белгілі болды. 

Атырау облысында жоғалған отбасының ісі

Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен.

Атырау облысы ПД

6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.

Сонымен қатар, Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. 

Күдікті Сұлтан Сәрсемалиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізеді.

qamqor.gov.kz

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз