Атырау облысындағы Жангелдин ауылында жоғалған отбасыға қатысты қылмыс ашылды. Ішкі істер министрлігі өкілдері марқұмдардың кіші қызы Ақбаян Мұқанғалиева қазір қайда екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл іске қатысты күдікті Индонезияда ұсталды. Онымен бірге отбасының кіші қызы да анықталған. Ұсталғаннан кейін ер адам кінәсін мойындаған. Қазір тергеу жалғасып жатыр және ерекше бақылауда. Сондай-ақ, отбасының кіші қызының бұл іске қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
"Психикалық жағдайын анықтау мақсатында ол (Ақбаян - еск.) сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға жіберілді", - деді ІІМ өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін ІІМ жантүршігерлік қылмыстың егжей-тегжейін ашты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова