Жұмбақ жағдайда жоғалған отбасы: күдіктілер Индонезиядан қашан жеткізіледі?

Жұмбақ жағдайда жоғалған отбасы: күдіктілер Индонезиядан қашан жеткізіледі?
Фото: Видео кадры

Атырау облысында қаза тапқан ерлі-зайыптының өлімі бойынша күдікті - екі адам. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Санжар Әділовтің айтуынша, екі күдіктіні Индонезиядан Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселе шешілген.

"Олар жақын арада Қазақстанға жеткізіледі. Оларды осы айда әкелеміз. Басқа елдердегі әріптестерімізбен келу бағыттарын пысықтадық", - деді ол.

Атырау облысында жоғалған отбасының ісі

Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен.

Атырау облысы ПД

6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.

Күдікті туралы

Сонымен қатар, Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. 

Күдікті Сұлтан Сәрсемалиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізді.

qamqor.gov.kz

24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні Индонезияда ұстағаны белгілі болды. Сондай-ақ, марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget