Атырау облысы Жангелдин ауылында жоғалғалған отбасыға қатысты жаңа дерек шығып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Индонезия полициясы күдікті қалай ұсталғанын жариялады. Мәліметке сүйенсек, Индонезияның Солтүстік Ломбок аймақтық полициясы Интерполдың қызыл хабарламасы бойынша халықаралық іздеуде жүрген 29 жастағы Қазақстан азаматын ұстаған.
"Ол Сенару ауылындағы қонақүйлердің бірінде қолға түсті. Тінту кезінде күдіктілерден төлқұжаттар, ұялы телефондар және халықаралық банк карталары тәркіленді. Ол әзірге Солтүстік Ломбок полиция бөлімінде қамауда отыр", - деп жазылған мәліметте.
Атырау облысында жоғалған отбасының ісі
Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен.
Атырау облысы ПД
6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.
Күдікті туралы
Сонымен қатар, Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны.
Күдікті Сұлтан Сәрсемалиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізеді.
24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні Индонезияда ұстағаны белгілі болды. Сондай-ақ, марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова
qamqor.gov.kz