Жұмбақ адам екі отбасының қарызын жауып, операциясын төлеп берді

Жұмбақ адам екі отбасының қарызын жауып, операциясын төлеп берді

Маска таққан аноним жұмбақ адам екі отбасының қарызын жуып, операциясын төлеп берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Человек в маске" атты лақап атымен белгілі ер адам қайырымдылық жасаумен айналысады. Алайда өзі туралы ешқандай ақпарат бермейді және жасырын қалуды қалайды. Ақшаны жинауға оның оқырмандары көмектеседі. 

Жақында ол екі бірдей отбасына көмектескен. Екі отбасының тағдыры ұқсас. Көмекке мұқтаж видеодағы ер адамның тамағынан ісік табылған. Өзі жұмысқа жарамсыз болып қалғандықтан, әйел табатын ақшаға күн көруге мәжбүр. Қарызға да кіріп кеткен екен. Ер адамның сөзінше, әйелі даяшы болып жұмыс істейді. Күніне көп дегенде 2500 теңге ғана табады екен. 

Ал үш баласы бар жалғызбасты әйелде сүт безі кистасы бар. Одан бөлек, әйел адамның баласына құлағы мен мұрнына ота қажет екен. 

Маска таққан аноним адам көмекке мұқтаж адамдардың оқиғасын естіп, оларға қаржылай көмек берді. 

Анонимнің оқырмандары оның әрекетіне риза болған. 

"Аман жүр, бауырым, ризамын", "Тіл көзден сақтасын", "Алла разы болсын", - дейді Желі қолданушылары. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!