- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жұманғарин кәсіпкерлерге өзі...
Жұманғарин кәсіпкерлерге өзі жауапты министрлік кесірінен көмек көрсетілмегенін мойындады
Премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин кәсіпкерлерге министрлік кесірінен мемлекеттік көмек көрсетілмегенін мойындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәжіліс отырысы барысында депутат Николай Арсютин Жұманғарин жауапты министрлік 2022 жылы "KazakhExport" АҚ ұлттық даму институты тарапынан сақтандыруға жататын берілетін кредиттер мен жасалатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға 600 млн теңге мөлшерінде шығыстар жоспарлағанын айтты. Депутаттың сөзінше, Үкіметтің есебіне сәйкес, бірде-бір экспорттаушы жоспарланған қолдауды алған жоқ және қаражат игерілмеген күйінде қалған. Яғни министрлік кесірінен кәсіпкерлер мемлекеттік қолдаусыз қалған.
"Министрлік кінәсіз деп айтпаймын. Менің жауабым: иә, министрлік кесірінен солай болды", - деді Серік Жұманғарин бүгінгі Мәжіліс отырысында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина