Жұманғарин жаңа салықтар мен бизнеске түсетін жүкетеме туралы ашып айтты

Жұманғарин жаңа салықтар мен бизнеске түсетін жүкетеме туралы ашып айтты
Фото: gov.kz

Қазақстан Үкіметі жаңа салық-бюджет реформасы шағын және орта бизнеске қосымша жүктеме түсіретінін түсінеді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, жаңа фискалдық саясат аймақтар арасындағы теңсіздікті азайтуға және кәсіпкерлікті қолдауға негізделген.

"Жаңа фискалдық саясатта бекітілген негізгі қағидаттар – бұл ең алдымен өңірлік стандарттар жүйесі арқылы өңірлік теңсіздікті төмендету, сондай-ақ кәсіпкерліктің, әсіресе микро және шағын бизнестің дамуындағы сәйкессіздікті азайту", – деді ол.

2026 жылдан бастап жаңа фискалдық саясат бюджеттің кіріс бөлігінің едәуір ұлғаюын көздейді.

"2026 жылдан бастап фискалдық саясат ең алдымен бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуды көздейді, қосымша шамамен 4 триллион теңге", – деп хабарлады Жұманғарин.

Оның айтуынша, бұл қаражат экономиканы және бизнесті қолдауға бағытталады.

"Ең алдымен қосымша қаржы ресурстары Президент пен Үкімет тарапынан қазақстандық бизнесті дамыту мен қолдауға жұмсалады", – деді министр.

Жұманғарин салық базасын кеңейтуді жаңа саясаттың негізгі қағидаттарының бірі деп атады. Вице-премьердің сөзінше, Үкімет реформалар мен сыртқы жағдайлардың кәсіпкерлер үшін қосымша тәуекелдер тудыратынын түсінеді.

"Үкімет сыртқы факторлар – логистика, күрделі халықаралық жағдай, валюта бағамдарының құбылуы, сондай-ақ ішкі факторлар – салық және тарифтік реформалар ең алдымен шағын және орта кәсіпкерлікке жүктеме болып отырғанын толық түсінеді", – деді Серік Жұманғарин.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget