- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Жұлдызбысың?“ Басқа ұлт...
“Жұлдызбысың?“ Басқа ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан актриса өмірінің жаңа кезеңі туралы айтты
Танымал актриса, "Джейран" тобының экс-солисі Фариза Ескермес тұрмысқа шықса да түсірілімнен қалмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Түсірілімге бара жатырмын. Күздің келгенін қазір ғана түсіндім. Соңғы кезде уақыттың қалай сырғып өтіп жатқанын байқамайтын болыппын. Кеше ғана пандемия боп жатыр еді ғой, ал қазір қарасам, арада бес жыл өтіп кетіпті. Сене алар емеспін", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Актрисаның қандай түсірілімге бара жатқаны да көп ұзамай белгілі болды.
"Бүгін "Жұлдызбысың?" бағдарламасының түсіріліміндемін", - деп жазды ол.
Еске салайық, актриса бұған дейін берген сұхбатында неліктен басқа ұлттың жігітіне тұрмысқа шығуға шешім қабылдағаны туралы айтқан болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева