Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі лауазымына қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Жұлдыз Сүлейменова 1983 жылы дүниеге келген. Ол бұған дейін Парламент Мәжілісінің VII және VIII шақырылымдарының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды.
2025 жылы оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!