Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі болып тағайындалды

Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Жұлдыз Сүлейменова 1983 жылы дүниеге келген. Ол бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің VII және VIII шақырылымдарының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!