- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жұлдыз Өмірғали: “9...
Жұлдыз Өмірғали: “9 жылдан кейін ақ көйлек киіп отырғаныма сене алар емеспін“
Араға 9 жыл салып жұлдызды жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали студияда үйлену тойын жасады. Айқынға тұрмысқа шыққан Жұлдыз тұрмысқа шыққан сәті туралы айтып берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айқын Төлепбергеннің айтуынша, Жұлдызға үйленетінін айтқан кезде ата-анасы, туыстары, тіпті сахнада жүрген достары да қарсы болыпты.
"Ата-анам шок болды. "Құда-құдағиға не айтамыз?" деп уайымдады. Анам жылады. Мен айттым, тек Әсел екеуміздің арақатынасымыз өзгереді. Ал балалар мен құда-құдағиларыңыз бұрынғыша қалады деп", – деді Айқын Төлепберген.
Ал Жұлдыз Өмірғали ешқашан мұндай оқиғаға тап боламын деп ойламағанын айтты.
"Жастау кезімде осыған ұқсас біреудің оқиғасын естіп едім. Сол кезде "Құдай сақтасын, жоқ, менің басымда мұндай оқиға болмайды. Мен ешқашан мұндай қадамға бармаймын. Басымды да, мұрнымды да сұқпаймын" деп айтқаным есімде. Бірақ Алланың өзі мені осылай сынады. Тоғыз жылдан кейін осылай студияда той жасап, ақ көйлек киіп отырғаныма әлі де сене алар емеспін", – деді ол.
Жұлдыз Өмірғали 9 жыл ішінде өте көп хейт болғанын, қаншама көз жасы төгілгенін айтып, ағынан жарылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева