Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова қайын інісі Заңғар Нұртастың әйелімен танысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актриса қайын інісімен және оның әйелімен фильмнің көрсетілімінде жолыққан. Мұны Жұлдыз Әбдукәрімованың өзі Instagram-дағы сторисіне бөлісті.
Заңғар Нұртас жеңгесімен амандасып, кейін "Ал танысып қойыңыздар" деп, әйелі екеуін таныстырған.
"Сұрап едіңіздер ғой, міне, жас жұбайларды құттықтауға келдім", - дейді актрисаның өзі.
Бұған дейін Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram-дағы сторисінде Заңғар Нұртас пен әйелінің фотосын жүктеп, оларға тілек жазған еді.
Еске салайық, бұған дейін Жұлдыз Әбдукәрімова мен оның ата-анасы әнші Заңғар Нұртастың әйелінің ұзату тойына бармағанын жазған едік. Ал тойда Заңғар Нұртастың екінші ағасы Аян Нұртас пен әйелі Әйгерім Саркенова және оның ата-анасы жүрген. Бұл туралы Желі қолданушылары жазды. Айтпақшы, бұл тойға Қайрат Нұртастың өзі де келіп, ән салған.
Ал Жұлдыз Әбдукәрімова бұл уақытта Астанадан Алматыға ұшып бара жатқан сәтінен видео жүктеп, Алматыға ұзақ іссапары басталғанын, үлкен жобаны қолға алғанын жазған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!