Актриса, тележүргізуші Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram-дағы парақшасында хиджабқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актриса, тележүргізуші "19 жастағы қос құрбы екеуіне бірден үйленетін мұсылман күйеу іздеуде" деген жазбаны скриндеп, оған былай деп пікір білдірген:
"Дін менің ұғымымда өте терең білімді қажет етеді. Әйтпесе қауіпті. Сауатың жетпесе, дінді бұрмалап, сандырақтайсың. Шала біліміңмен оған қара жағасың. Адасасың. Сол себепті кәмелетке толмағанша, білімін толықтырып санасы кеңеймейінше дін туралы сөз қозғауыңа кімнің де болса қарсымын! Міне, сондай сауатсыз діндарлардың әрекеті осындай сорақылыққа әкеледі".
Жұлдыз Әбдукәрімова сонымен бірге Иран әйелдерінің қазіргі көрінісіне қатысты пікірін де жазды.
"1977 жыл. Тегеран студенттері алаңсыз білім алып жатты... 1980 жылғы көрініс. Хиджаб заң жүзінде міндеттелген. Иран әйелдерінің бүгінгі көрінісі мынау. Бар болғаны 40 жылда хиджаб "өз еркімен таңдаудан" басталып, аддымен мектепке енді, кейін сатылай университет, көшелерде кигізу соңғы нүкте ЗАҢДЫ түрде міндеттеледі", - деп жазды актриса.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!