Танымал тележүргізуші, актриса Жұлдыз Абдукаримова "Оян" бағдарламасында мәһірге не сұрағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, жас болғандықтан мәһірдің не екенін білмеген.
"Осыдан 16 жыл бұрын жасым 19-да, білмеймін. Бізге дұрыс түсіндірген жоқ. Қалай сұрау керек, неге сұрау керек? Барлығын анық түсіндірген жоқ. Мен тіпті ұялып отырдым. "Керек емес" деп қоямын ғой. Қасымда куәгер отырды. Ол тәжірибелі ғой. "Жұлдыз, ұялма, сұра" дейді. "Мен білмеймін не сұрайтынымды" дедім. Ол кісі "алқа сұра" деді. Сөйтіп, мен "алқа болады" дедім. "Алтын алқа, гаухар тастарымен көмкерілген болса, тіпті жақсы болушы еді" дедім. Ол кезде білмедім қанша уақыт аралығында алып беру керек екенін. 2-3 жылдан кейін алдым", - деп еске алды ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!