- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жұлдыз Абдукаримова 10...
Жұлдыз Абдукаримова 10 жыл бойы қайда жүргенін айтты
Актриса, тележүргізуші Жұлдыз Абдукаримова 10 жыл бойы қайда жүргенін әңгімелеп берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Жұлдыз 10 жыл бойы ең алдымен, әйелдік-келіндік және аналық миссиясын орындағанын айтады.
"Төрт баламды ауыртпай-сырқатпай, денсаулықтарына мән беріп өсіре отырып, өзімді де өсірдім. Өзім де дамыдым. Рухани, білім, моральдық, психологиялық тұрғыдан өзіме көңіл бөлдім. Әрине, сыртқы сымбатты, денем, бет күтімі, жалпы денсаулыққа қарауға толық мән бердім. Ешқайсын қалдырмадым. Балаларым енді мектеп қабырғасына барған кезде толық өзімді қолыма алып, сіздермен бірге өзімнің даму жолымды бөлісуді жөн көрдім. Демек, тұлғалық миссиямды орындап жатырмын", - дейді ол.
Жұлдыздың сөзінше, ол "өсекке емес, өсуге мән берген".
"Баланы тәрбиелеумен қатар өз-өзімді, мінезімді тәрбиеледім десем де болады. Сол арқылы сіздер маған "сабырлы", "шыдамды" деген мінездеме бердіңіздер. Бұл мені тұлға ретінде қалыптастырды. Олай деуімнің себебі күн сайын сториздерімді асыға күтетін, жақсы көретін және сенетін сіздердей аудиториям қалыптасты", - деді Жұлдыз.
Еске салайық, әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Абдукаримова 10 жылға жуық уақыт бойы көпшілік алдына шықпаған еді. Актриса алғаш "Арман. Когда ангелы спят" фильмімен 2017 жылы халық алдына шыққан болатын. Фильмде ол басты рольде ойнаған еді.
С. Сатыбалдина