Жұлдыз FM өз мерейтойында тыңдармандарына саяхат сыйлайды!

Жұлдыз FM өз мерейтойында тыңдармандарына саяхат сыйлайды!

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандардың сүйікті радиосы – Жұлдыз FM биыл алғашқы мерейтойын атап өтеді. Тұрақты тыңдармандар радионы туған күнімен құттықтап қана қоймай, бағалы сыйлықтар ұтып ала алады!

Осыдан 10 жыл бұрын 100% қазақ тілінде хабар тарататын Жұлдыз FM радиосы тыңдарманға жол тартты. Алғашқы мерейтойына орай, радиостанция ай сайын тыңдармандарының арасында керемет сыйлықтар ойнатпақ. Ыстамбұл, Пхукет немесе Бейжіңге билет ұтып алғыңыз келе ме? Мүмкін, Жұлдыз FM радиосынан автокөлік ұтып алып, темір тұлпар мінгіңіз келетін шығар? Ендеше, мүмкіндіктен қапы қалмай, ұтысқа қатысыңыздар. 

 

Жұлдыз FM ұтысы 10 желтоқсанға дейін жалғасады. Ұтыс шарты мынадай: әр жұмыс күні сағат 8:30-9:00, 13:00-13:30, 18:00-18:30 аралығында эфирде үш құпия сөз айтылады.  Тыңдармандар эфирді мұқият тыңдап, үшінші құпия сөз айтылған бойда 8 (771) 990-78-28 WhatsApp-нөміріне үш құпия сөзді бір хатпен жазып жіберуі қажет. Құпия сөздерді дұрыс тауып, оныншы болып жолдаған тыңдарманға «Таңғы шоу» бағдарламасының жүргізушілері тікелей эфирде хабарласып, қатысушы нөмірін береді. Яғни, ұтысқа әр жұмыс күні құпия сөздерді WhatsApp-қа оныншы болып жолдаған тыңдарман өтіп отырады. Бірінші сыйлықтың ұтысы 12 тамызда басталды, оның нәтижесі 10 қыркүйекте шығарылады. Алғашқы жеңімпазға «Аспан асты елінің» астанасы – Бейжің қаласына бару және қайту билеті табысталады.

Жеңімпаздар қалай анықталады?Ұтыс күні Жұлдыз FMстудиясына эстрада жұлдызы шақырылып, лототроннан жеңімпаз-нөмір жазылған шарды алып шығады. Жүргізушілер тікелей эфирде жеңімпазға хабарласып, құттықтайды. Айта кетсек, қатысушы нөмірін алған тыңдармандар барлық сыйлықтардың ұтысына қатысады.

Жұлдыз FMрадиосы жыл сайын туған күнінде тыңдармандарын қуантудан жалықпайды. Тікелей эфирге атақты жұлдыздарды шақырып, 16 сағаттық радиомарафондар, жанды дауыста концерттер ұйымдастырып тұрады. Биылғы 10 жылдық мерейтойында тыңдармандарына сыйлық сыйлап қуантпақ. 10 қыркүйекте – Бейжіңге, 10 қазанда – Ыстамбұлға, 10 қарашада – Пхукетке билет ұтып алған тыңдармандар анықталады. Ал 10 желтоқсанда бас жүлде – автокөлікке қол жеткізген жеңімпаз белгілі болады.

Жұлдыз FM радиосы 2014 жылғы қараша айынан бастап, еліміздің барлық ірі қалалары мен облыс орталықтарында хабар таратады. Бүгінге дейін радиостанция еліміздің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандардың жүрегіне жол тауып,талғамынан шыға білді. Жұлдыз FM– бағдарламалары телеарнадан көрсетілетін еліміздегі жалғыз радио.

Жұлдыз FM сағат сайын еліміздегі ең соңғы жаңалықтардан хабардар етеді, жаңадан шыққан әндердің "тұсаукесерін" жасайды, ең танымал жұлдыздармен эксклюзив сұхбаттар жүргізіп, таңнан кешке дейін тыңдармандарына керемет көңіл-күй сыйлайды. 10 жыл ішінде радио көптеген жүлделер мен сыйлықтар, оның ішінде «Халықтың сүйіктісі», «Толқын» және «Үркер» сыйлықтарымен марапатталған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина