- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Жүлдесіз нәтижеме қарамастан“....
“Жүлдесіз нәтижеме қарамастан“. Абиба Әбужақыноваға тағы көлік сыйлады
Париж Олимпиадасында медаль ала алмаған қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақыноваға тағы бір көлік сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Абиба әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Кезекті көлік. Бүгін "Жеңіс" дзюдо клубының президенті кезекті көліктің кілтін табыстады. Клубтың капитаны ретінде алған бүгінгі көлік мені бұдан кейін де тоқтамауға, тынбай еңбектенуге тағы бір себеп деп ойлаймын, челлендж деп қабылдаймын. Олимпиада ойындары менің өмірімді түбегейлі өзгерткені анық. Соған қарамастан барлығы мені қолдап, жылы лебіздерін аяп жатқан жоқ", - деп ағынан жарылды дзюдошы қыз.
Абиба Әбужақынова Олимпиадада бесінші орын алып қалса да, қолдау көрсетіп жатқандарға алғысын білдірді.
"Мемлекеттен, республикалық федерациядан, Атырау облысы және сүйікті "Jenys" клубымнан бұрын қандай қолдау болса, Олимпиададағы жүлдесіз нәтижеге қарамастан қолдауын жалғастырып отыр. Бұл - бір күндік емес, көп жылдық еңбенімнің, маңдай теріммен, тынымсыз жаттығулардың нәтижесінде жеткен сый деп қабылдаймын. Бәріңіздің қолдауларыңызға ризамын! Әлі-ақ сіздердің үміттеріңізді ақтап, қолдауларыңыздың өтеуі ретінде жеңісті жолды жалғастырамын деп уәде беремін", - деп жазды ол.
Бұл Абиба Әбужақынованың Парижден оралғалы сыйға алған үшінші көлігі. Алғашқы болып дзюдошыға "Республика" партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров көлік мінгізсе, кейін Атырау облысының әкімі де темір тұлпардың кілтін табыстаған еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева