- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жүктіліктің тоғызыншы айында...
"Жүктіліктің тоғызыншы айында үйде жалғыз қалдым". "Қалаулым" арқылы танылған жұп не үшін екіге кеткенін айтты
"Қалаулым" арқылы танылған блогер Шынар Меджанова "Мамский әңгіме" бағдарламасында экс-күйеуімен арақатынасы туралы ашық айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер жұбайын "Қалаулым" бағдарламасынан тапқанын айтты.
"Ол адаммен "Қалаулым" бағдарламасында таныстық. Бірінші маусымда. Сол бағдарламаның ең алғашқы жұбы болдық. Бесінші маусымында отбасы құрдық", - дейді ол.
Шынар жүктілігінің 9 айында төркініне неліктен қайтқанын түсіндірді.
"Ыңғайсыз жағдай болды. Дәл сол сәтте нүкте деген шешімге келген шығармыз. Сол себепті баланы босануға Семей қаласына кеттім. Мен кеттім деп айтқан да дұрыс емес шығар. Үлкен түсініспеушіліктен кейін үйдегі адамдар кетіп қалды. Тоғызыншы айда үйде жалғыз қалдым. Әке-шешем уайымдап, "әртүрлі жағдай болуы мүмкін, қасыңда ешкім жоқ, ...басың сау, аман болып тұрған кезде үйге жетіп ал" деді. Сол себептен Семейге кеттім. Артынан бұл әңгіме мүлдем басқаша айтылды", - дейді блогер.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова