- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жүктілікті анықтайтын қанша...
"Жүктілікті анықтайтын қанша тест істеп көрдім". Танымал әнші қорқынышын бөлісті
Танымал әнші Луина алғашқы жүктілігі, ұзақ уақыт бала көтере алмау туралы қорқынышы және күйзеліс туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Mom’sкий әңгіме!" подкасына берген сұхбатында бөлісті.
"Алдымен, қорқыныштарды жеңіп алу керек. Мен бұған дейін болған кез келген қарым-қатынасымда жүкті болып көрмедім. Ал Артем (қазіргі жұбайы - еск.) сұрағанда да "жүкті болмаймын немесе егіз туамын" дейтінмін. Бір күні етеккірім келмей жүргенін аңғардым. Мұндай нәрсеге қатты алаңдамайтынмын. Кейін Артем тексеріліп көрейік деді. Бұл - үйленгенге дейін болған оқиға. 2 айдан кейін маған ұсыныс жасады", - дейді ол.
Әнші алғашқы жүктілігі жоспардан тыс болғанын, одан күйзеліске түскенін айтты.
"Мен өмірімде жүктілікті анықтайтын қанша тест істеп көрдім. Келесі күні 3 тестте де екі сызық шығып тұрғанын көрдім. Дәрігерім УЗД жасамағанша асықпауымды сұрады. Тексерістен жатырдан тыс жүкті екенім анықталды. Гинекологым "сабыр сақта, мүмкін дұрыс көрмей қалған шығар, маған кел, дұрыстап тексерейік" деді. Сол күндері бір қызық сезім болды. 5 минут жүкті сияқтымын, кейін бірнәрсенің дұрыс емесін сезінемін. Жатырдан тыс жүктілік пен қалыпты жүктіліктің айырмашылығы кейде қан кетуінде ғана болды. Бір аптадан кейін қан кетіп бастады, бірден мамандарға бардық. Олар "6 апта болған, бірақ жатырдан тыс жүктілік" деді. Мен жылап бастадым. 6 апта деген жарты ай ғой. Жақсы дәрігер тап болды. Ол маған "неге жылап отырсың? Баланы аяп отырсың ба, әлде өзіңді аяп отырсың ба?" деді. Шынында, өзімді аяп отырмын ғой деп жинақталдым. Ота жасаттым", - дейді өнер иесі.
Луина күйеуінің әр сәтте жанынан табылып, қолдау көрсеткенін айтты.
"Артем бірден "Лу, ота сәтті өтсе, сақтап қаламыз, болмаса ештеңе етпейді" деді. Ол мені күтіп отырғанда бәрін өзі оқып алған. Ота жасалды. Бірақ мен күйзеліске түстім. Мүлде бала көтере алмаймын деп қорықтым. Бірақ үйленген соң 3 айдан кейін қайта жүкті болдым", - дейді әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек