Жақында ғана тұрмысқа шыққан танымал актриса, әнші Фариза Ескермес жүктілікке ерте дайындалып бастағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Соңғы жаңалықтардан: мен жүктілікке ертеден дайындалып бастадым. Физикалық, психологиялық, қаржылық және рухани жағынан дайын болу мен үшін өте маңызды", - деп жазды Фариза Ескермес әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, жақында тұрмысқа шыққан Фариза Ескермес отбасы туралы айтқан болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!